Қазақстанның Бас прокуратурасы жол құрылысы мен жөндеудегі заң бұзушылықтар туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Қазақстанның Бас прокуратурасы жол құрылысы мен жөндеудегі заң бұзушылықтар туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, бұған дейін баспасөзде көлік жолдарын салу және жөндеу кезінде жымқыру және сыбайлас жемқорлықтың көптеген фактілері анықталғандығы туралы хабарланған. Құқық бұзушылықтар бюджет қаражатын заңсыз шығару схемаларында көбінесе бір мердігер ұйымдары болған.
«Атап айтқанда, осындай фирмалардың бірінің өкілдері Ақмола өңірінің Қоянды кентінде 907 миллион теңгеге күрделі жөндеу және жергілікті жол құрылысын жасамағандығы белгілі болды.
Бүгінгі күні шарт бұзылды, өңірдегі прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасап, оның шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың мән-жайлары анықталуда.
Солтүстік Қазақстан облысында облыстық жолдарды жөндеуге бөлінген 423 миллион теңгені жымқырды деген айыппен Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің және жергілікті мердігер мекеменің басшылары қамауға алынып, жауапқа тартылды.
Жұмыстарды қабылдау туралы жалған актілер бойынша жолдың жоқтығына қарамастан, миллиондаған мемлекеттік қаржыны аударған», — делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алу кезінде өнім жеткізушілер таңдау кезеңі автожолдар саласындағы неғұрлым жемқорлықпен байланысты болып табылды.
«Аудан прокурорларының араласуынан кейін Аршалы ауданы әкімдігінің Бөлім басшысы Екатеринбург-Алматы автобанынан Берсуат ауылына дейінгі учаскені күрделі жөндеу бойынша 1,1 миллиард теңгеге заңсыз шарт жасасқаны үшін теріс себептермен жұмыстан босатылған болатын», — деп толықтырды ведомство өкілі.
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жөнделген учаскеге 148 миллионнан астам бюджет қаражатын артық жұмсау фактісінің алдын алынды және басшылық буындағы кінәлі лауазымды тұлға лайықты тәртіптік жазаға тартылды.
Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 300-ден астам заң бұзушылық анықталды, 30 миллиард теңге сомасына бюджет шығындарының алдын алынды, мемлекет кірісіне 2,5 миллирад теңге өтелді, 29 қылмыстық іс қозғалды, 305 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайына орынсыз жоспарлау, инновацияларды енжар енгізу, беріктігі жоғары материалдарға үнемдеу және т. б. ықпал етіп отыр.
Осыған байланысты, Бас прокуратура Үкіметке қаралып жатқан шетелдік озық тәжірибеге негізделген көлік жолдары саласын түбегейлі өзгерту бойынша ұсыныстармен қадағалау актісін енгізді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia