232 rob
Фотосурет: pixabay.com
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағаның орынбасары О. Қизатовтың брифингі шеңберінде банк секторы активтерінің сапасын алғашқы тұрақты бағалау (AQR) нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды DKNews.kz.
AQR 2022 тұрақты есебі
Мемлекет Басшысының тапсырмаларына сәйкес Агенттік AQR құралдарын қадағалау процесіне толыққанды енгізуді жүзеге асырды және 2022 жылдан бастап тұрақты AQR жыл сайынғы негізде жүргізіледі.
2022 жылы Агенттік активтері банк жүйесі активтерінің 71%-ын құрайтын 10 ірі банк бойынша алғашқы тұрақты AQR өткізді. AQR өткізу барысында 2022 жылы 15,2 трлн теңге сомаға 19 млн несие, оның ішінде 1 400-ден астам ірі қарыз алушы талданды.
Бұл бағалау нәтижелері жүйе бойынша капитал жеткіліктілігінің деңгейі нормативтік тұрғыдан белгіленген ең төмен деңгейден айтарлықтай жоғары екенін көрсетті.
Агенттік 2022 жылы деректерді өңдеуді автоматтандыру есебінен тұрақты AQR процестерін оңтайландырды, бұл Агенттік жүзеге асыратын жұмыстардың сапасы мен көлемін арттырды және қатысушы банктерге түсетін реттеушілік салмақты азайтты.
Ірі қарыз алушылар бойынша қаржылық жағдайды талдау және провизиялар жеткіліктілігін бағалау кредиттік тәуекелді бағалау бойынша Агенттіктің ішкі үлгілерін пайдалана отырып дербес түрде жүргізілді. Біршама ұсақ қарыздар бойынша провизияларды бағалау статистикалық үлгінің көмегімен жүзеге асырылды.
Алдағы уақытта Агенттік тұрақты AQR шеңберінде банктермен өзара іс-қимыл процесін жетілдіруді жоспарлап отыр. 2022 жылдың нәтижелері негізінде банктерге жиі кездесетін қателіктердің тізімі және оларды түзету бойынша ұсыныстар жіберілді. Бұдан басқа, банктерге жиі қойылатын сұрақтарға жауаптардың толық базасы жіберіледі және деректерді жинау мен беру мәселелері бойынша банктерге әдіснамалық қолдау көрсету практикасы жалғастырылады. Аталған шаралар банктерге деректерді жинаумен байланысты жүктемені төмендетуге, AQR жүргізу мерзімдерін қысқартуға және деректерді жинау кезінде операциялық қателіктер тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Жүргізілген талдаудың және банктердің әдістемелері мен процестеріндегі анықталған кемшіліктердің негізінде Агенттік банктерді тұрақты AQR-дің негізгі аспектілерімен, сондай-ақ кредиттік тәуекелді бағалау мен талдаудың ішкі модельдерін құру қағидаттары мен үздік практикаларымен таныстыруды жалғастырады.
Источник: qazaq.asia