200 rob
Фотосурет: ҚР ТЖМ
Жаңа жыл мерекелік отшашусыз өте ме, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жаңа жылдық мереке кезінде әртүрлі өрт қауіпті пиротехникалық құралдардың үлкен арсеналы қолданылады. Оларды қолдану өрттің шығуына ғана емес, сонымен қатар жарақат пен мертігуге әкелуі мүмкін.
Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында Павлодар қаласындағы өрт салдарының алдын алуға мүмкіндік туды, онда 24 желтоқсанда түнде балконда өрт шықты.
Оқиға орнына келген бойда 10 қабатты тұрғын үйдің 8-қабатында орналасқан балконның сыртқы жағында 1 шаршы метр алаңда жылуұстағыш жанып жатқаны анықталды. Балконның ішінде жоғары температура әсерінен 2 шаршы метр алаңда декоративті пластикалық қабырғалар, пластикалық терезе балқыған.
Өрттің алдын ала себебі — пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін бұзу.
Еске саламыз! Пиротехниканы ұшырған кезде оны адамдарға, ғимараттарға, автомобильдерге бағыттауға тыйым салынады. 50 метр радиуста өрт қауіпті объектілер болмауы тиіс. Көрермендер отшашудың ұшыру алаңынан 15-20 метр қашықтықта болуы керек, жел оларға түтін мен бұйымдардың жанбаған бөліктерін түсірмеуі үшін міндетті түрде жел жағында тұруы керек. Өнімді қолмен ұшыруға тыйым салынады. Пиротехниканы ұшырған кезде темекі шегуге қатаң тыйым салынады.
Петардаларды сатып алу кезінде не нәрсеге назар аудару керек? Ең алдымен, өнімнің сертификатталғанын қарап, пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысу қажет. Оны сақтау және сату мерзіміне назар аударуды ұмытпаңыздар: егер тауар мерзімі өтіп кетсе, оны қолдануға болмайды. Қаптама бүтін болуы, жыртылмауы керек.
Осы қарапайым ережелерді сақтаңыздар.
Источник: qazaq.asia