Балалар қуанады: күзетшілер оларға мерекелік көңіл-күй мен сыйлықтар сыйлады

Балалар қуанады: күзетшілер оларға мерекелік көңіл-күй мен сыйлықтар сыйлады

229 rob

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Құқықтық тәртіп әскерлерінің әскери қызметшілері Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетовтың басшылығымен Астана қаласының Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Балалар үйінде Ұлттық ұланның Ән-би Ансамблі ұжымы және Аяз Ата мен Ақшақардың мерекелік қойылымымен және шыршаны айнала ән айтумен басталды.

Генерал-майор Қайрат Үмбетов балаларды келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтап, тәрбиеленушілерге жаңа жылдық тәттілер жиынтығын салтанатты түрде табыс етті.

— Бүгінгі іс-шара біздің балаларымыз үшін өте маңызды болды. Бізге Халық Қаһарманының өзі келді. Біздің балалар  әскери генералды көргенде көздерінен нұр байқалды. Олардың арасында өз өмірін әскери саламен байланыстырғысы келетіндер де бар. Осындай батырлардың арқасында Отан қорғаушы болғысы келетіндердің саны артатынына сенімдімін, — дейді орталық директоры Бибігүл Такисова.

Айта кету керек, бүгінгі таңда өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында 73 бала тәрбиеленуде. Оқушылар өнер және ғылым саласындағы қалалық және республикалық байқауларда үздік нәтижелерге қол жеткізуде.

Іс-шара соңында Қайрат Жарылқасынұлы балаларға сәттілік және отбасылық бақыт тіледі. Мерекелік іс-шара ұжымдық суретке түсірумен аяқталды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика