Балаларға арналған Қауіпсіздік сабақтары: ТЖД және білім беру бірлескен жобаны іске қосады

Балаларға арналған Қауіпсіздік сабақтары: ТЖД және білім беру бірлескен жобаны іске қосады

168 Awrora

Фотосурет: Алматы қаласы ТЖД

Өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласының білім басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Меморандумның басты мақсаты – Алматы қаласының оқушылары мен балалары арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған оқыту іс-шараларының кешенін өткізу.

Апта сайын ТЖД қызметкерлері Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының алаңында азаматтық қорғау саласында оқушыларға «Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?», «Төтенше жағдайлар кезінде халықты қабылдау пункттері», «Өрт кезінде не істеу керек?», «Абайлаңыз, жұқа мұз!», «Қауіпсіз Жаңа жыл!» және басқа да көптеген қауіпсіздік тақырыптарында оқу сабақтарын өткізетін болады. Сабақтар оқу жылының соңына дейін өткізіледі.

Меморандумның негізгі мақсаттарының бірі, ол «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша оқу сабақтарын өткізуді қайта бастау.

Бұдан басқа, меморандум шеңберінде ТЖД және ТЖМ бөлімшелері бойынша экскурсиялар, қауіпсіздік айлықтары, нұсқамалар, түсіндірме әңгімелер өткізіледі, әдістемелік көмек көрсетіледі, төтенше жағдайларда халықтың іс-әрекеттері бойынша үгіт материалдары таратылады.

Балалардың өмірі мен денсаулығы-ұлттық қауіпсіздіктің негізі және мемлекетіміздің болашағы.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика