«Бала шабыты»: Қарағанды облысының жас музыканты Гран-приді жеңіп алды

«Бала шабыты»: Қарағанды облысының жас музыканты Гран-приді жеңіп алды

280 rob

Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысы Саяқ кентінің 13 жасар әншісі Алан Әубәкіров Астанада өткен «Бала шабыты» халықаралық балалар-жасөспірімдер байқауында Гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ол қазылар алқасының мүшелерін Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» әнін орындаумен тамсандырды.

Алан Әубәкіров Балқаш маңындағы Саяқ кентіндегі № 6 жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбында оқиды. Ол бірінші сыныптан бастап «Горняк» мәдениет үйінде музыкамен айналысады. 

Оның ұстазы және тәлімгері Бақыт Әміртаева шәкіртінің әлеуеті зор екеніне сенімді. Баланы жарқын болашақ күтіп тұрғанына күмәнім жоқ дейді.

– Анасы маған Аланды бірінші сынып оқып жүргенде әкелді, содан бері жеті жыл бойы менде дайндалуда. Оны алғаш тыңдағанымда, оның қабілеті зор екенін бірден түсіндім. Ол ноталардан жаңылмады. Бастапқыда бала сәл ұялшақ болды, қазір ашылды. Ол көптеген онлайн және офлайн жарыстарға қатысып, бірнеше рет жеңіске жетті. Болашақта ол кім болса да, ән айту оған пайдалы болатынына сенімдімін, – дейді «Горняк» МҮ вокалдық ұжымының жетекшісі және педагог Бақыт Әміртаева.

Аланның ата-анасы оны мақтан тұтады. Ол отбасының кенже баласы, бірақ соған қарамастан үлкен әпкесі мен ағаларына үлгі көрсетеді.

– Алан өте талантты және жанашыр бала. Ол өмірде өз орнын табады деп үміттенеміз. Әзірге музыка ол үшін хобби. Болашақта кім болатының әлі шешпеді. Біз оның кез келген шешімін қолдауға дайынбыз, – дейді Елена Әубәкірова.

«Бала шабытында» Аланмен бірге 20-дан астам жас дарындар бақ сынасты. Олардың әрқайсысы, Аланның айтуынша, өзінше жеңіске лайық болды.

– Барлығы абыроймен өнер көрсетті. Әр қатысушы өзін көрсетті. Толқу көп болған жоқ. Байқау маған өте ұнады, – деп бөлісті Алан.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика