Бала батыл құтқарушылардың арқасында өрттен аман қалды

Бала батыл құтқарушылардың арқасында өрттен аман қалды

253 rob

Фотосурет: Павлодар облысының ТЖД

18 желтоқсанда сағ. 15-28-де 112 пультіне пәтердегі өрт туралы хабарлама келді, деп хабарлайды DKNews.kz.

ТЖ орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері мен апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері дереу оқиға орнына келді. Үш қабатты үйдің үшінші қабатында екі бөлмелі пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Ауданы 10 ш. м., жерде үй заттары мен жиһаздар отқа оранды.

Пәтерде әжесімен бірге қалған 2015 жылы туған бала болды, әжесі дүкенге азық-түлік сатып алуға шығып кеткен. Газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметкерлері автосаты орнатып, балкон арқылы баланы құтқарды. Бала апаттар медицина орталығы қызметкерлерімен  тексерілді   жеңіл жану заттарымен улану диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызу қажет  емес екендігі анықталды

Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 21 қызметкер қатысты. Өрт сағат  15-58 жойылды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика