Байланыстарды нығайту: Қазақстан мен Оман парламентаралық ынтымақтастыққа баса назар аударады

Байланыстарды нығайту: Қазақстан мен Оман парламентаралық ынтымақтастыққа баса назар аударады

230 rob

Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Оман Сұлтандығының Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Әбдулмалик әл-Халилимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Оман парламентаралық диалогының қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына баға берді.

Оман тарапына Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпарат берілді. Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту тақырыбын талқылай келе Оманның Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Ә. әл-Халилиге ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Қазақстанға сапармен келуге шақыру хаты табыс етілді. Өз кезегінде Оманның депутаттық корпусының басшысы аталған хатты ризашылықпен қабыл алды.

Кездесу соңында екі достас мемлекет арасындағы жұмыс байланыстарын жалғастыру және парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика