239 rob
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі
Елорданың «Алатау» спорт кешенінде жекпе-жек ММА спорт түрінен аға жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі жарыс жеңімпаздарының бапкері, білікті маман Василий Тахтай кешкі жаттығу барысында спортшыларға қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмысын өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Білікті жаттықтырушы өз кезегінде шәкірттеріне өзін-өзі қорғау, өзгеге қиын сәтте жәрдем беру, қай кезде адамдарға күш қолдануға болатынын, ал қай кезде болмайтынын да атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жас спортшылар жаттығу аясында елордадағы вандализм фактілерін, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары мен жазаларын талқылады.
Жаттықтырушы өз сөзінде алдағы уақытта да мұндай кездесулердің жиі өткізетінін алға тартты.
Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген «Тоқта, вандал» акциясы жұмыс істейді.
Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
Источник: qazaq.asia