Домой Қазақша Қазселденқорғау күштері судың толып кету қаупін жойды

Қазселденқорғау күштері судың толып кету қаупін жойды

275
0

Қазселденқорғау күштері судың толып кету қаупін жойды

161 rob

2023 жылғы 24 қаңтарда сағат 09:00-де Алматы облысы ТЖД пультіне Қарасай ауданы Қаскелең өзенінің арнасының мұздануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматы облысындағы Қаскелең өзенінің арнасында «Сары Арқа» шипажайының ауданында ұзындығы 300 м-ден асатын мұз құбылыстары (зажорлар) есебінен су деңгейінің көтерілуі байқалды.

Су деңгейінің көтерілуін тұрақтандыру және сең жүруін болдырмау үшін өзен арнасын мұз құбылыстарынан тазарту бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Қазселденқорғаудан мамандандырылған техника (Камаз  базасындағы экскаватор (гредола), жедел автомобиль және авариялық-механикаландырылған бригада қызметкерлері жұмылдырылды.

12:20-да қабылданған шаралармен Қаскелең өзенінің арнасын тазарту жұмыстары аяқталды, жағалау сызығынан тыс судың толып кету қаупі жоқ, су деңгейі төмендеді. Су басу қаупі жойылды.

Источник: qazaq.asia

Если вы хотите поддержать Kokshetau.asia, то вы можете сделать перечисление на любую сумму