«Қазгидромет» РМК наурыз айынан бастап гидрологиялық болжамын апта сайын ұсынады

«Қазгидромет» РМК наурыз айынан бастап гидрологиялық болжамын апта сайын ұсынады

314 rob

Фотосурет: Максим Морозов

«Қазгидромет» РМК су тасқыны кезеңіне алдын ала болжамды 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 4 ақпанда шығарды және барлық мемлекеттік органдарға жолданды. Одан әрі су тасқыны кезеңіне негізгі болжамын 5 наурызға дейін ұсынады. Наурыз айынан бастап гидрологиялық болжамын апта сайын ұсынады. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметі алаңында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғалидулла Азидуллин мәлімдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сонымен қатар гидрометеожағдайлар күрт өзгерген жағдайда 2-3 тәулік бұрын су тасқыны қаупі туындауы жайлы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.

«Ел аумағында барлығы 1806 тірек гидротехникалық құрылыс бар. Биыл қаңтар айындағы жағдай бойынша 1322 ГТҚ зерттелді. 471 нысан жөндеуді талап ететіні анықталды, оның 327-сі коммуналдық меншікте. Экология және табиғи ресурстар министрлігімен ГТҚ тасқын суларын қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шараларды өткізу туралы ұсынымдар жіберілді. Республика аумағындағы ірі су қоймалар бойынша орташа толу 60-75% құрайды. Ірі су қоймаларына ағынның күтілетін көлемі норма шегінде. Барлық су қоймаларында су қабылдауға арналған бос көлемдер бар» Ғалидулла Азидуллин

Оның айтуынша, су қоймалары бекітілген жұмыс режиміне сәйкес жұмыс атқаруда.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика