Азаматтық қорғау қызметкерлерінің мәртебесін көтеру: заң жобасы не ұсынады?

Азаматтық қорғау қызметкерлерінің мәртебесін көтеру: заң жобасы не ұсынады?

185 rob

Фотосурет: А.Байжұманов / Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Астанадағы өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасағының аумағында және бірқатар азаматтық қорғаныс нысандарында болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар «Азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауға дайындық аясында ұйымдастырылды.

Сенат комитетінің төрағасы Андрей Лукин Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесулер аясында қазіргі кезде Парламент қабырғасында азаматтық қорғау мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралып жатқанын айтты.

«Бұл құқықтық акт азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыруға бағытталған, өрт, өнеркәсіптік және сейсмикалық қауіпсіздікті жетілдіру мәселелеріне арналған. Парламенттік тыңдауда біз осы заң жобасындағы жаңалықтарды, сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесінің проблемаларын талқылауды жоспарлап отырмыз. Біздің басты міндетіміз – бүгінгі күні қандай проблемалар бар және нені өзгерту керектігін білу үшін мамандардың өзіне құлақ түру. Біз өз тарапымыздан бұл мәселелерді жалпыға бірдей талқылауға шығаруға, сондай-ақ заң шығару қызметі аясында жәрдем көрсетуге дайынбыз» Андрей Лукин

Сенаторлар сапар барысында №17 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болып, жедел-құтқару жасағының жұмысымен танысты, сондай-ақ Асқар Забикулин атындағы №6 бөлімді көрді.

Өрт сөндірушілер сенаторларға өрт сөндіру бөлімдерінің жұмысын көрсетті, оларды техникамен және жабдықтармен, сондай-ақ құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықтарымен таныстырды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика