Азаматтық қорғау қызметінде авиацияны дамыту: Директорлар кеңесі отырысының түйінді сәттері

Азаматтық қорғау қызметінде авиацияны дамыту: Директорлар кеңесі отырысының түйінді сәттері

212 rob

Фотосурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

2023 жылғы 25 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың, Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың, Үкімет аппараты өкілдерінің, Қазавиақұтқару Бас директоры Дәулет Мәмековтің, тәуелсіз директорлардың, ішкі аудит және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің өкілдерінің, ұшу қауіпсіздік бойынша аудиторлардың, өндірістік бөлімшелердің басшылардың қатысуымен ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ Директорлар кеңесінің оныншы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырыс барысында директорлар кеңесінің мүшелері мен шақырылған адамдар азаматтық қорғау органдары саласындағы құтқару жұмыстарын жедел орындау үшін авиация саласын дамыту перспективаларын талқылады.   

Сондай-ақ авиакомпанияны дамыту, ұшу-инженерлік құрамды кадрлармен қамтамасыз ету, авиапарк пен жерүсті инфрақұрылымын тиімді пайдалану бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Директорлар кеңесінің отырысы шеңберінде ұшу қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және санкциялық заңнаманы сақтау, кәсіпорынның азаматтық авиация субъектісі ретіндегі қызметін қалыпқа келтіру жөніндегі шараларды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша министр ұшу қауіпсіздігі деңгейіне қол жеткізуге және қойылған міндеттердің орындалуын жақсартуға бағытталған нұсқаулар берді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика