Қазақстанның спорттық өмірі: аптаның басты жаңалықтары

Қазақстанның спорттық өмірі: аптаның басты жаңалықтары

221 rob

Фотосурет: Canva Pro

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі, деп хабарлайды DKNews.kz:

Ауыр атлетика: Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екі отандасымыз үздіктер қатарынан көрінді. Едіге Емберді (81 кг) қос сайыста 336 (145+191) келіні еңсеріп, әлем чемпионы атанса, қыздар арасындағы бәсекеде Айсамал Сансызбаева (87 кг) 250 кг нәтижемен күміс медаль жеңіп алды.

Нысана көздеу: Қатар астанасы Дохада ұйымдастырылған Әлем кубогінде Әсем Орынбай стенд атудың скит бағдарламасында 51 балл жинап, жалпы есепте топ жарды.

Мәнерлеп сырғанау: Отандық мәнерлеп сырғанаушы Рахат Бралин 20 жылдан астам тарихы бар Эстониядағы Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс жүлде жеңіп алды. Ол кеше қысқа бағдарламада – 65.18, еркін бағдарламада 128.90 ұпай жинап, жалпы есепте 194.08 ұпаймен үшінші сатыға тұрақтады.

Жүзу: Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ескекаяқпен жүзуден VI Азия чемпионатында отандасымыз Инсар Құсанов 100 метрге жүзуде күміс жүлдегер атанды.

Ушу: АҚШ-тың Даллас қаласындағы ушудан 16-шы әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшылары 4 медаль жеңіп алды. Жерлестерімізден Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (+90 кг) – күміс, Бексұлтан Қоскенов (65 кг), Ислам Каримов (56 кг) және әйелдер арасында Ақниет Марат (75 кг) қола жүлдеге ие болды.

Шахмат: Италияның Монтесильвано қаласында өткен жастар арасындағы классикалық шахматтан әлем чемпионатында үш отандасымыз жүлдегерлер қатарынан көрінді. 18 жасқа дейінгі ерлер арасында Алдияр Аңсат қола медаль жеңіп алса, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Елназ Қалиахмет күміспен күптелді. Ал 16 жасқа дейінгі ойыншылар ішінде Алуа Нұрманова 3-орынға табан тіреді.

Конькимен жүгіру: Италияда алауы тұтанған конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Қазақстан спортшылары үш медаль олжалады. Жарыстың алғашқы күнінде нео-сеньор дивизионында Қазақстан əйелдер құрамасы (Маргарита Артемьева, Арина Ильященко, Алена Лифатова) күміс жүлде еншілесе, дәл осы санатта мың метрге жарыста отандасымыз Инесса Шумекова қола жүлдегер атанды. Ал жастар арасындағы командалық сында еліміздің əйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Əпкелі-сіңлілі Кристина жəне Алина Шумекова, Мария Деген үштігі тек Нидерланд спортшыларына жол берді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика