Қазақстанның шекара қызметі: 2023 жылғы қарашаның нәтижелері

Қазақстанның шекара қызметі: 2023 жылғы қарашаның нәтижелері

197 Awrora

Фотосурет: Gov

ҰҚК Шекара қызметінің 2023 жылғы қараша айындағы іс-қимыл нәтижелері туралы, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылғы қарашада құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

шекара кеңістігінде 5 820 (жылдың басынан – 30 823) Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде:

— 28 шет ел азаматтары шекараны бұзғаны үшін ұсталды (11 Қырғызстан, 9 Өзбекстан, 7 Пәкістан, 1 Ресей);
— 19 шет ел азаматтарымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді (6 Өзбекстан, 4 Ауғаныстан, 4 Йемен, 3 Сирия, 1 Тәжікстан, 
1 Сьерра-Леоне).

Мемлекеттік шекара арқылы 858 соның ішінде:

— 51 – есірткі заттары;
— 17 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (3 дана ату қаруы, 91 дана оқ-дәрілер, 397 дана суық қару); 18 – діни әдебиет (260 дана);
— 360 – жалпы сомасы 26 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (55 400 литр);
— 343 – жалпы сомасы 858 млн теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
— 69 – жалпы сомасы 760 млн теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды.

Каспий акваториясында 26 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

— жалпы ұзындығы 17,3 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
— 147 дана (638 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
— 7 970 дана (11 543 кг) ұсақ тұқымдас балықтар.

Алды алынған залал сомасы 252 млн теңгені құрайды. Көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика