215 Awrora
Фотосурет: Kapital.kz
12 IT-хаб ел өңірлерінде 194 перспективалы стартап-идеяны таныстырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Өңірлік IT-хабтардың мақсаты – өңірлерде инновациялық жобаларды дамыту және ақпараттық технологиялар саласында мамандар даярлау. Бұл платформалар стартаптарды, инвесторларды және менторларды біріктіретін жергілікті IT-қауымдастықты құруға арналған кеңістік болып саналады.
Өңірлік IT-хабтардың басты міндеті – жас кәсіпкерлердің стартап-жобаларын ұйымдастыруға көмектесу. Бұл әсіресе, бастапқы кезеңде маңызды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында өзінің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлік деңгейде инновациялық экожүйені кеңейтудің маңызы туралы айтты.
Қазіргі уақытта 12 өңірлік IT-хаб ресми түрде ашылды және табысты жұмыс істеуде. Олар: Abai IT Valley (Абай облысы, Семей қ.), Kyzylorda Hub (Қызылорда қ.), Digital Jetisu (Талдықорған қ.), Zhambyl Hub (Тараз қ.), Oskemen IT Hub (Өскемен қ.), Jaiq Hub (Орал қ.), Turkistan IT Hub (Түркістан қ.), Qostanai IT Hub (Қостанай қ.), Aqtobe IT Hub (Ақтөбе қ.), Pavlodar Hub (Павлодар қ.), Aqmola IT Hub (Көкшетау қ.), Terricon Valley (Қарағанды қ.).
Қазақстанның өңірлерінде 784 іс-шара өткізілді, оған 24 702 тыңдаушы белсенді түрде қатысты. Сондай-ақ, өңірлерден 194 перспективалы стартап-идеялар ұсынылды. Бұған қоса, өңірлердегі ақпараттық және коммуникациялық технологияларға бағытталған 7 форум ұйымдастырылды. Ақпараттық технологиялар секторын дамытудағы маңызды қадам TechOrda бағдарламасына сәтті интеграцияланған 8 жаңа IT-мектептің ашылуы болды, бұл олардың кәсіби тұрғыда өсуі мен дамуына ықпал етеді.
Источник: qazaq.asia