Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, аяз болады Кеше, 09:15

Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, аяз болады
Кеше, 09:15

Қазақстанда тұман күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда тұман күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Суық солтүстік-батыс антициклонының енуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді, тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.

«Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 10-20 градус аязға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін, еліміздің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін, республиканың орталығында және шығысында 28-33 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 5-13 градус аязға дейін төмендейді. Республика бойынша тұман түсіп, еліміздің оңтүстік жартысында жел күшейеді», — делінген болжамда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика