Қазақстанның авиациялық секторын дамыту: JET A1 отынымен жаңа мүмкіндіктер

Қазақстанның авиациялық секторын дамыту: JET A1 отынымен жаңа мүмкіндіктер

166 rob

Фотосурет: Көлік министрлігі

Көлік министрі Марат Қарабаев әуежайлар және әуе компаниялардың өкілдерімен азаматтық авиация субъектілерін авиаотынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиналыс өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты елдің авиаотынға деген қажеттілігін өтемейді, сондықтан Қазақстан жыл сайын Ресей Федерациясынан 300 мың тоннаға дейін авиотын импорттайтыны туралы бұрын-соңды айтылған болатын. Осыған байланысты Көлік министрлігі Қытайдан және басқа да көрші елдерден JET A-1 маркалы авиаотын импортын әртараптандыру мәселесін пысықтап жатыр.

Бейінді мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен өткен кеңес барысында ел әуежайлары инфрақұрылымның JET A-1 пайдалануға дайын екендігі туралы баяндалды. Алматы әуежайы өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын жанармай құю кешенін жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр және 2024 жылдың маусымына қарай ASTM D1655 әлемдік стандарты бойынша шығарылатын авиаотынды пайдалануға толық көшуді жоспарлап отыр.

Өз кезегінде PTC Holding компаниясы отандық темір жолдардың өткізу қабілеті ай сайын 50 мың тоннаға дейін JET A-1 авиаотынын тасымалдауға мүмкіндік беретінін хабарлады.

Кеңес қорытындысы бойынша көлік министрісала субъектілері мен мүдделі мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріп, жедел іс-қимылдардың маңыздылығын атап өтті.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика