Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені: азық-түлік қауіпсіздігіне жол

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені: азық-түлік қауіпсіздігіне жол

248 rob

Фотосурет: Н.Байбулин / Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шара ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесіне арналды.

Сенат комитетінің төрағасы Әли Бектаев кездесуді аша келіп, Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі өсіп келе жатқаны байқалады.

«Жасалып жатқан жұмыстар баршылық. Алайда, ішкі нарық құс еті, шұжық пен сүт өнімдері, жеміс-жидек пен көкөніс сияқты күнделікті тұтынатын негізгі азық-түліктер бойынша әлі де импортқа тәуелді. Ал, еліміздегі қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмыс жүктемесі әлі де төмен деңгейде. Жалпы терең өңделген өнімдерді шығару, оны экспорттау арқылы импорттың үлесін азайту өте маңызды әрі ауқымды мәселе. Көтерілген мәселелердің бәрі агроөнеркәсіп кешенінің дамуына, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді деп сенеміз» Әли Бектаев

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ербол Тасжүреков өз кезегінде сенаторларға терең өңдеу саласындағы ағымдағы ахуал және агроөнеркәсіп саласын дамытудағы болашақ жоспар туралы айтып берді.

Кездесуге Сенат депутаттары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика