272 Арман
Фотосурет: Руслан Пряников/Kapital.kz
ҚМА әзірлеген Telegram мессенджеріндегі бот азаматтарға қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың әрекеттерінен қорғануға көмектеседі, деп хабарлайды DKNews.kz.
Telegram-бот сілтемесі
Пайдаланушыға компанияның/ұйымның сайтына, Instagram парақшасына, Vkontakte тобына немесе Telegram арнасына https://internet.zzz (com, ru, kz және т.б.) немесе интернет.zzz (com, ru, kz және т.б.) форматта сілтеме енгізу жеткілікті.
Сонымен қатар, сізге табыс ұсынатын компанияның БСН арқылы тексеруге болады. Іске қосудың бірінші кезеңінде Telegram мессенджерінде бір аккаунттан тәулігіне 5 реттен көп сұрау жіберу мүмкін емес.
2022 жылы ҚМА қаржы пирамидаларын ұйымдастыру фактісі бойынша 85 қылмыстық істі аяқтады. Биыл 29 қаржы пирамидасы жойылды. 15 іс бойынша үкім шығарылып, 23 адам сотталды.
ҚМА қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтармен белсенді күресті жалғастыратын болады. Осыған орай азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз.
Сенім телефоны: 8 (7172) 708-478
Источник: qazaq.asia