Қазақстандық автокөлік иелері VIP нөмірлерге шамамен 6 миллиард теңге жұмсаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Қазақстандық автокөлік иелері VIP нөмірлерге шамамен 6 миллиард теңге жұмсаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
Ведомство Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында, 2022 жылы еліміздегі арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалпы құны 5 миллиард 949 миллион 849 мың 491 теңгеге сұранысы жоғары 20 075 мемлекеттік тіркеу нөмірлері берілгенін хабарлады.
«Ең қымбат нөмірлер — 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Бұлардың әрқайсысы 285 АЕК тұрады. Яғни, әрбір нөмір үшін қазақстандықтар 2022 жылы 872 мың 955 теңге төледі», — деп атап өтті Мемлекеттік корпорация.
VIP-нөмірлерге сұраныс көбінесе Алматы тұрғындарынан түскен. Соңғы бір жылда алматылық көлік иелері 2 миллиард 365 миллион 875 мың 494 теңгеге 7 мың 83 VIP-нөмір алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia