338 rob
Фотосурет: t.me/oqu_agartu
Бангкок қаласында жасөспірімдер арасындағы 20-шы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасы (IJSO-2023) өз мәресіне жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстан құрама командасының барлық алты мүшесі қола медаль жеңіп алды.
Олимпиадаға әлемнің 54 елінен 311 оқушы қатысты.
Олимпиада үш турдан тұрды: тестілеу, теориялық және эксперименттік. Әр турда физика, химия және биология пәндері бойынша тапсырмалар ұсынылды. 20-шы жасөспірімдер арасындағы халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасының қола медаль иегерлері:
- Батыр Ержанұлы, Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Альтаир Аканов, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 9 сынып оқушысы;
- Дария Бектұрсын, Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы;
- Данияр Базарбай, Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы;
- Илияс Қазымбек, Астана қаласындағы «Республикалық физика математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік коғамы филиалының 8 сынып оқушысы;
- Иван Рудик, Павлодар қаласындағы Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 8 сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшілері:
- Самат Максутов — PhD доктор, SDU University доценті;
- Аскар Мажикенов — Назарбаев Университет магистранты.
Источник: qazaq.asia