247 Арман
Тұрмыстық зорлық-зомбылықты басынан өткерген – Tamiris нақты оқиғаларға негізделген бейнебаян түсірді, деп хабарлайды DKNews.kz.
13 қарашада Mazmun шығармашылық бірлестігі шығарған отбасылық зорлық-зомбылық туралы қазақ тіліндегі тұңғыш бейнебаян түсіріп, Shanyraq бейнебаянының премьерасы өтті.
Tamiris — қазақ актрисасы және әнші. Оның шығармашылық жолында фильмдер мен телехикаялардағы 50-ге жуық рөлдер, Қазақстанның барлық музыкалық телеарналары мен радиоларында көрсетілетін музыкалық альбомы және бірнеше сәтті синглдары бар.
Айта кетейік, клип бір кадрда – монтажсыз түсірілген, ал басты кейіпкер – отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан аман қалған Тамиристің өзі.
Бұл шығармада орындаушы өз өмірінің жаңа тарауын ашып, өзінің жеке басынан өткен ауыр жағдайды – эмоционалдық, физикалық зорлық-зомбылық пен бопсалауға, қиянатқа негізделген қарым-қатынас жайында баяндайды.
Клип басты кейіпкерді ұрып-соғып, өміріне қауіп төндіретін осындай бір көріністі көрсетуден басталады. Бүкіл бейнероликте әртүрлі белгілерді байқауға болады: құлаған шаңырақ — бұзылған үй мен отбасының символы ретінде, дөңгелектегі тиін — жұмысқа түрлі істерге ұмтылып, жақындарының өмірінде не болып жатқанын байқамайтын адамдардың бейнесі және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында көмек көрсетудің халықаралық айшығы.
Оның қолындағы кәдімгі тыртық пен көзіндегі жасты сипаттаған түсірілімдердің барлығы — әншіге жасалған нағыз зорлық-зомбылық әрекеттерінің нәтижесі.
«Кейіпкердің өз басынан өткен оқиға», — деп дисклеймерде жазылған.
Бүкіл шығарма Тамиристің өмірінде болған оқиғалардың іздері мен оның соңғы қарым-қатынасы аяқталғаннан бері ұзақ үнсіздігі себебінің ашылуы. Негізгі айтар ойы — егер сіз физикалық немесе эмоционалды түрде қиянаттың кез келген түріне ұшырасаңыз, қарым-қатынасты одан әрі сақтауға тырыспаңыз.
Егер сіз зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз, онда бұған шыдамай, полицияны көмекке шақырыңыз – 102.
Источник: qazaq.asia