Қазақстандағы қызылша ауруына қатысты жағдай: 30 бала ауыр халде Кеше, 10:38

Қазақстандағы қызылша ауруына қатысты жағдай: 30 бала ауыр халде
Кеше, 10:38

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылшамен ауырған 30 баланың жағдайы ауыр екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото:elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қызылшамен ауырған 30 баланың жағдайы ауыр екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Барлық облыста қызылша ауруы тіркелгені айтылды. Жоғары деңгей байқалған өңірлер:

  • Шымкент – 3 мыңнан аса жағдай;
  • Алматы және Жамбыл облысы – 2 мыңнан аса жағдай;
  • Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облыстарында – мыңнан аса жағдай.

Денсаулық сақтау министрі балалардың ұйымдасқан топтарға жиналуына байланысты 2023 жылдың қыркүйегінен бастап аурушаңдықтың күрт өсуі байқалғанын хабарлады.

«Нәтижесінде аурушаңдық екі есеге өсті. Қарашада 6 мыңнан аса қызылша жағдайы тіркелді. Бүгінде елімізде қызылшамен ауыратын науқастарға арналған 3,5 мыңнан аса төсек-орын орналастырылды. 2375 бала стационарлық ем алып жатыр, төсек-орындардың қамтылуы 60 пайыз болады. Төсек орындарының қоры 1093.

Төсек-орын қоры Жамбыл облысында – 92 пайыз, Алматыда – 88, Түркістан облысында – 81, Шымкентте – 79 пайыз толған. Ауруханаға жатқызылғандардың ішінде 30 бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, оның 15-і бір жасқа толмаған. Қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ», — деді министр үкімет отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика