Қазақстандағы спорттық жылқылар туралы заң: жылқы өсірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер

Қазақстандағы спорттық жылқылар туралы заң: жылқы өсірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер

234 rob

Фотосурет: Ж. Жұмабекова / Мәжілістің баспасөз қызметі

Бүгін Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту туралы заң жобасының таныстырылымын өткізді. Жиын Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Аманжол Әлтайдың жетекшілігімен өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жоба Парламент депутаттарының бастамасымен спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын дамыту мақсатымен әзірленді.

Жиында баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров заң жобасындағы негізгі өзгерістерге тоқталды. Олар: спорттық жылқы шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету, спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және оның ұлттық ат спорты түрлерін дамыту, қазақ халқының мәдениетін, дәстүрі мен өмір салтын насихаттауды қамтамасыз ету. Осы заңды қабылдау елімізде спорт бағытында  жылқы саласын дамытуға, Адай және Қостанай отандық жылқы тұқымдарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары өнімді бағыттағы жылқы шаруашылығына (ет, сүт) көрсетіледі.  Заңды қабылдау спорттық бағыттағы жылқы шаруашылығына асыл тұқымды орталықтармен шет елдік селекциядағы спорттық бағыттағы асыл тұқымды айғырларды сатып алуға, жылқылардың қазақы тұқымының асыл тұқымды басын ұстап-бағуға жұмсалатын шығыстарды субсидиялау жөніндегі шығындарды өтеуге мүмкіндік береді. Заң жобасын жүзеге асыруға жалпы қажеттілік 701 млн теңгені құрайды, соның ішінде 5 жыл сайын 140,2 млн теңге бөлінеді Айдарбек Қожаназаров

Отырыс барысында Ауыш шаруашылық вице-министрі Аманғали Бердалин де баяндама жасап, заң жобасына енгізілетін түзетулерге назар аударды.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңда Зауыттық жылқы тұқымдары жөніндегі республикалық палатаның тіркелген, тұқымның бағыты мен стандартына сай келетін таза тұқымды жануар ретінде «асыл тұқымды жануар» ұғымы нақтыланады. Бұдан басқа, республикалық палатада тіркелген отандық селекцияның спорттық бағытындағы асыл тұқымды жылқылар «спорттық бағыттағы жылқылардың қазақ тұқымы» деген жаңа ұғымға жатқызылатын болады Аманғали Бердалин

Сонымен қатар «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңда «агроөнеркәсіптік кешен» және «ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші» ұғымдары нақтыланады. Вице-министрдің айтуынша, агроөнеркәсіптік кешен ұғымы асыл тұқымды малды сақтау мен өсіруді де білдіреді, ал асыл тұқымды малды өсірумен және сақтаумен айналысатын адамдар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге де жатқызылады.

Заң жобасын одан әрі талқылау жұмыс тобында жалғасатын болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика