202 Awrora
Фотосурет: DKNews
Жол-құрылыс маусымы аяқталуына қарай «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ барлық күш-жігерін жолдарды қар мен мұздан тазарту жұмыстарына жұмсады. Жолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау үшін 142 мың текше метр құм және 25 мың тонна техникалық тұз дайындалды, 1 870 бірлік жол-пайдалану техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Айта кетерлігі, қайта құру нәтижесінде Қазақстанда 4 жолақты жолдардың үлесі өсіп келеді. Бұл өз кезегінде қысқы кезеңге арналған техника санын көбейтуді талап етеді.
Бұл міндетті орындау үшін «ҚАЖ» қосымша 379 жаңа машина сатып алды, оның ішінде 245-і өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы, 25-і жол ақысы есебінен және 109-ы амортизациялық аударымдар есебінен алынды.
«Алайда, осы уақытқа дейін 1,1 мың машинаға деген қажеттілік бар. Осыған байланысты өнеркәсіпті дамыту қорына жеңілдікпен кредит беру арқылы техникамен толықтыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады» Көлік министрі Марат Қарабаев
Ведомство басшысының ақпараты бойынша, жыл сайын еліміздің жолдарын күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржыландыру талап етіледі.
Источник: qazaq.asia