135 rob
Фотосурет: astanazan.kz және мәдениет және ақпарат министрлігі
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың саны 100-ден 23 мыңға дейін артты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Еліміздегі азаматтық сектордың белсенді дамуы ҮЕҰ жетекшілері мен сарапшыларының жүйелі жұмыс істеуіне жасалған мүмкіндіктермен тікелей байланысты.
Бұл тұста 2020 жылы 27 тамызда Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын» бекітуі айрықша маңызға ие. Азаматтық сектордың даму векторын айқындаған стратегиялық құжаттың арқасында еліміздегі түрлі салаларда ҮЕҰ белсенді құрылуда. Үкіметтік емес ұйымдардың негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызды мақсат-міндеттерге қол жеткізу.
Тұрақты түрде жұмыс жасап тұрған ҮЕҰ-ның ең көп саны Алматы– 5017, Астана – 3554, Шымкент – 1512 қалаларында, Қарағанды – 1237, Қызылорда – 1217 облыстарында тіркелген.
ҮЕҰ қызметінің ашықтығы мен жобалары туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2017 жылы Министрлік «ҮЕҰ дерекқорын» енгізді.
Бұл ретте ҮЕҰ санының артуымен қатар сапа көрсеткіші де маңызды. 2023 жылдың өзінде ҮЕҰ саны өткен жылдармен салыстырғанда 8,6%-ға өсті.
Источник: qazaq.asia