188 Арман
Фотосурет: © Sputnik / Болат Шайхинов
Салық өтініштерінің мынадай нысандары бойынша өзгерістер енгізілді:
- салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тіркеуі жарамсыз деп танылған салық төлеушілерге салық есептілігін кері қайтарып алуға мүмкіндік берілді;
- салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініш, салықтық өтініш нысаны оңайлатылды.
Жаңашылдықтар 2023 жылғы 2 желтоқсанда күшіне енді.
Өзгерістер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 1217 бұйрығымен «Салық өтініштерінің нысандарын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына енгізілді.
Құжатқа сілтеме
Источник: qazaq.asia