271 Awrora
Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен бірлесіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесінің қолдауымен психикалық денсаулық бірыңғай ақпараттық қызметінің пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Енді жаңа қызметтің көмегімен психикалық денсаулыққа қатысты кез-келген сұрақтар туындаған жағдайда, жауап, ақпарат алу мүмкіндігі бар:
1) Телеграмм Боты — @Mental_SupportBot
2) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін 3580 нөмірі бойынша Call орталығына қоңырау шалу (қоңырау шалу тегін).
Сондай-ақ, Сіз психологтың тегін кеңесіне жазыла аласыз. Ол үшін www.mentalcenter.kz сайтында «Психолог консультациясы» бөлімін таңдап, өтінім нысанын толтырыңыз.
Источник: qazaq.asia