Қазақстанда жастар арасында толеранттылық пен өзара түсіністікті дамыту жоспарлануда

Қазақстанда жастар арасында толеранттылық пен өзара түсіністікті дамыту жоспарлануда

175 rob

Фотосурет: А.Байжұманов / Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттағы «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері отырыс өткізді. Мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру жүйесінде «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» және «Әралуандық бірлігі» қағидаттарын оқу-тәрбие процесінде іске асыруды қамтамасыз ету оның басты тақырыбы болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Депутаттық топтың жетекшісі Нұртөре Жүсіп кездесу барысында жастардың рухани-адамгершілік даму деңгейін арттыруға жан-жақты тоқталды. Сенатор өскелең ұрпақты ел бірлігінің негізі – толеранттылық және өзара түсіністік тұрғысында тәрбиелеудің маңызды екенін атап өтті.

«Толеранттылық пен достықты жастар арасында дамытуға ықпал ететін жобаларға бастамашы болуымыз керек деп санаймын. Сондықтан республиканың этникалық топтарының жастары арасында осындай идеологиялық құндылығы бар әдеби шығармалар конкурсын ұйымдастыру мәселесін қарауды ұсынамын. Біздің алуан қырлы, сан қилытарихымыз көптеген этностарды бір шаңырақ астында біріктірді. Осындай күрделіжағдайда көк тудың астында біріккен елімізтарихпен өткенді ерекше бағалауы тиіс» Нұртөре Жүсіп

Шараға Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауымның өкілдері қатысты.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика