157 Арман
Фотосурет: Фотоколлаж Azattyq Rýhy/laishevskyi.ru
Активтерді және мүлікті декларациялау тәртібі
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі мақсаты:
- жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетіктерін құру;
- әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
- сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
Осылайша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «кіру» декларациясын мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары – шамамен 580 мың жеке тұлға тапсырған.
Екінші кезеңде, ағымдағы жылы, квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары — шамамен 2,1 миллион адамды құрады.
Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлердің басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) тапсырады. Шамамен 3,9 миллион адам жоспарланған.
Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың басқа санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және т.б.) тапсыратын болады. Бұл — 6,9 миллион адам.
2025 жылы 13 миллионнан астам жеке тұлғаны қамту жоспарлануда.
Келесі жылы бизнесмендер жеке мүліктерін жариялауы керек. Бұл жеке кәсіпкерлер, бірінші басшылар, құрылтайшылар, заңды тұлғалардың қатысушылары.
Жұмыс істемей тұрған және жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер де декларация тапсыруы керек.
Алайда, филиалдар мен өкілдіктердің басшылары заңды тұлға болып табылмайтындықтан, декларация тапсыруға міндетті емес.
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың жеке тұлғаның барлық шетелдік активтерін, жылжымалы және жылжымайтын мүлкін көрсететін «кіріс» декларациясын тапсыруымен байланысты. Олар мынадай:
- бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т.б.)
- үлестік қатысу шарты (тұрғын үйдегі үлес)
- инвестициялық алтын (құйма алтын)
- зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері
- 34,5 млн теңге (10 000 АЕК) шегінде қолма-қол ақша
- 31.12.2023 жылға дейін нотариалды куәландырылған басқа тұлғалармен несие шарттары.
- құны 3,4 млн.теңгеден асатын басқа мүлік (міндетті емес) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және т.б.) – бағалау декларацияны тапсырғанға дейін жүргізілуі тиіс (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)
- шетелдік компанияға қатысу үлесі
- шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік
- шет ел банкісіндегі 7,3 мың АҚШ долларынан (1000 АЕК) жоғары ақша.
Кейіннен, жыл сайын, күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, мүлікті Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де сатып алу немесе иеліктен шығару туралы мәліметтерді, сондай-ақ оларды сатып алу шығындарын жабу көздерін көрсететін кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00 нысаны) ұсынылады.
- табыс (жалға алудан, жылжымайтын мүлікті сатудан, көліктен, бағалы қағаздардан, цифрлық активтерден, шетелден түсетін кірістерден және т.б.);
- салық шегерімдері (медициналық қызметке, білім беруге, ипотекалық төлемдерге, мүгедектерге стандартты шегерім – жылына 3 млн. теңге)
- мүлікті, оның ішінде өтеусіз алынғандарды (жылжымайтын мүлік, көлік, бағалы қағаздар, цифрлық активтер және т.б.) сатып алу/сату
- қымбат мүлікті сатып алу көздері
- бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоиндер және т.б.)
- үлестік қатысу шарты (тұрғын үйдегі үлес)
- инвестициялық алтын (құйма алтын)
- жеке тұлғалардың нотариалды куәландырылған несие шарттары
- шетелдік компанияға қатысу үлесі
- шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік
- шетел банкіндегі 7,3 мың АҚШ долларынан (1000 АЕК) жоғары ақша
Шетелде және Қазақстанда орналасқан активтерді барынша сенімді түрде жариялау қажет. Алдағы уақытта салық салынатын табысты анықтау кезінде активтердің құны ескерілетін болады.
Сондықтан, декларацияны толтырар алдында, 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін мынадай:
- тиісті растайтын құжаттарды дайындау;
- нотариустармен несие шарттарын куәландыру;
- қаражатты (10 000 АЕК – 34,5 млн. теңгеден астам) банк шоттарына орналастыру;
Қазақстандағы активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын мынадай сайттарға кіру арқылы тексеру:
- бағалы қағаздар бойынша portal.kacd.kz;
- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша homeportal.kz; www.gov.kz;
- зияткерлік меншік объектілері бойынша, авторлық құқық gosreestr.kazpatent.kz;
- сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша egov.kz әрекеттерді орындауды ұсынамыз.
Дебиторлық/кредиторлық берешектің (несие шарты) болуы үшін Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу қажет.
Декларацияны өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqАzamat», Halyk, Банк Центркредит мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.
Азаматтар декларацияны қағаз жеткізгіште пошта арқылы немесе келу тәртібінде тапсыруға құқылы.
Жеке табысқа салықтық бақылау қалай жүзеге асырылады? Сонымен, біріншіден камералдық бақылау жүргізіледі – жеке тұлғалардың шығындары осылайша бақыланады:
- декларацияның бар/жоқтығы тексеріледі;
- декларацияда табыс пен мүлікті көрсетпеу және кірістерді кеміту фактісі анықталады.
Одан кейін камералық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жоймаған азаматтарға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі.
Әкімшілік жауапкершілік
Декларацияны бірінші рет ұсынбағаны үшін ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 51 750 теңге (15 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.
Декларацияда толық емес немесе анық емес мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін – ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін – 10 350 теңге (3 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.
Жыл ішінде бірінші рет салық объектілерін жасырғаны үшін – төленбеген салық сомасының 200% мөлшерінде айыппұл, қайталап бұзушылық үшін – 300% айыппұл салынады.
Барлық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде орналастырылған, оның ішінде декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулар, Қазақстан Республикасындағы активтеріңізді тексеру бойынша бейне нұсқаулықтар бар.
Источник: qazaq.asia