202 Awrora
Фотосурет: freepik
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды DKNews.kz.
2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 961 кәсіпорны 25 мың жұмыскерге 6,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 261 нұсқама беріліп, 174,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 23,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,6 млрд теңге төленді.
Источник: qazaq.asia