178 Арман
Фотосурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қостанайда жеткізу тізбегінен делдалды алып тастау есебінен қарақұмық бағасы 25% — ға (340 теңгеден 260 теңгеге дейін) төмендетілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында дәл осындай алгоритм бойынша супермаркеттер желісіндегі қарақұмық бағасы 40% — ға арзандатылды. (3 кг қаптамасы үшін 2374 теңгеден 1450 теңгеге дейін).
ШҚО-да ҚМА аумақтық Департаментінің бастамасымен білім беру мекемелерінде алдағы жылға қарақұмық пен қантты сатып алу бағасы қайта қаралды. Орташа алғанда, өнімдердің құны 30% — ға төмендеді (қарақұмық 35% — ға, 625-тен 420 теңгеге; қантқа 20% — ға, 536-дан 435 теңгеге).
Сондай-ақ, Ақмола және Қызылорда облыстарында қант пен ұнға сауда үстемесін бірнеше рет асырғаны үшін екі көтерме жеткізуші жауапқа тартылды. Нәтижесінде бағалар шамамен 15% — ға төмендеді.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік азық-түлік жиынтығын жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасынан 15%-дан аспауы керек.
Источник: qazaq.asia