295 Awrora
Стандарт бекітілді енді 2023 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді
Мамандардың айтуынша, NB-IoT стандарты «қашық радиустан қолданылатын ақылды құрылғылардың тиімді қуат желісін» жасауға мүмкіндік береді. Мәліметтерді жолдаудың бұл хаттамасы – әртүрлі саладағы компаниялар мен ұйымдар үшін ең қолайлы шешім. Оның көмегімен оператордың желісіне коммуналдық қызметтердің санағыштарын, жабдықтардың бақылағышын, нысандарды қадағалау жүйесін, медицина тетіктерін және басқа да көптеген құрылғыны қосуға болады.
«Өзіміз көріп отырғандай, қазіргі таңда цифрлы технологиялар ел экономикасының даму қарқынын үдетіп, халықтың өмір сапасын жақсартуда. Стандарт қолданылатын ықтимал салаларға ТКШ-да жатады. Мұнда тұтынылған ресурстардың көрсеткіштерін адамды араластырмай, өздігінен жіберіп отыратын санағыштар айтылып отыр» ҚазСтандарт директоры Ғабит Мухамбетов
Beeline Қазақстан компаниясы Бұйымдар интернеті саласындағы ұлттық стандартты – «NB- IoT деректерін сымсыз жіберу хаттамасын» жасаудың бастамашысы болып, оны әзірлеп шықты. Бұл цифрлы түрленуді тездетуге және Қазақстан экономикасының көптеген саласының тиімділігін көтеруге жағдай жасайды.
Beeline компаниясында: қабылданған стандарт ұлттық болғандықтан, оны ұялы байланыстың барлық операторы және Бұйымдар интернеті технологиясын енгізетін компаниялар қолдана алатынын айтуда.
«Ұлттық стандарттың қабылданғаны туралы жаңалық заманауи ақылды құрылғыларды өндірушілер мен NB-IoT шешімдері жабдықтаушыларының Қазақстан нарығына деген қызығушылығын айтарлықтай арттырады. Бұл – нарығымыздың сапалы дамуына, ұлт экономикасын цифрландыруды тездетуге және елімізді әлемдік NB-IoT индустриясына шығаруға ықпал ететіні анық» Beeline Қазақстанның Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов
NB-IoT желісіне қосылған құрылғылардың байланысы өте орнықты болып келеді және бақылауындағы нысандардан деректерді жіберуі 100%-ға жетеді. Бұл NB-IoT желісінің лицензияланған жиілік диапазонында жұмыс істеуімен, сондай-ақ оператордың желіні тәулік бойы қадағалауымен және техникалық қолдауымен қамтамасыз етіледі.
NB-IoT технологияларының ең маңызды артықшылықтарының бірі – желінің орасан сыйымдылығы – оператордың бір базалық станциясына 100 мың құрылғыға дейін қосуға болады. Одан бөлек, байланыстың төменгі жиілігін пайдалану құрылғыларды ең қиын жерлерде де: астыңғы қабаттағы орынжайларда, жертөлелерде, су құбыры құдықтарында және т.с.с. жерлерде орнықты байланыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қабылданған стандарттың маңызды артқышылықтарына мамандар құрылғылардың дербестігін және энерготиімділігін де жатқызуда. Батареясы бір қуатталған жабдық 10 жылға дейін және одан да ұзақ жұмыс істей алады.
Бұйымдар интернет саласында ұлттық стандарттың қабылдануы айқындылықты әрі үдерістердің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жеке бизнестегі, мемлекеттік сектордағы және әлеуметтік саладағы қауіпсіздік мәселесін шешуге көптеген мүмкіндік ашады.
Источник: qazaq.asia