Синоптиктер 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- АВТОР
- Дина Шарипханова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанпав
Синоптиктер 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда ауа райында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді. Республиканың батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағы бұрынғысынша атмосфералық фронталь бөліктер ықпалында болады: қар жауып, жел күшейеді.
«Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді, алайда республиканың оңтүстігінде ауа температурасының күндіз 2 градус аяздан — 3 градус жылыға дейін, солтүстік және таулы аудандарда 5 градус аяздан 5-10 градус жылыға дейін, елдің оңтүстік-шығысында 2 градус аяздан — 3 градус жылыға дейін біртіндеп көтерілуі болжанады», — делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Источник: qazaq.asia