Қазақстан әуежайларында арнайы экономикалық аймақтар құрылады

Қазақстан әуежайларында арнайы экономикалық аймақтар құрылады

200 rob

Фотосурет: Көлік министрлігі

Көлік министрі Марат Қарабаев әуежайлар аумағында арнайы экономикалық аймақтар құру мәселесі бойынша әкімдіктер мен авиациялық кәсіпорындардың қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазіргі уақытта ҚР Көлік министрлігі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Қарағанды әуежайларында арнайы экономикалық аймақтаренгізу мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ерекше экономикалық режим қажет болатын басқа да өңірлік әуежайларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ведомство жүк ағындарын қазақстандық әуежайларға бағыттауды және қайта бағыттауды ынталандыруға әрі тұтастай алғанда елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударып отыр.

Әуежайларда арнайы экономикалық аймақтарқұру кең таралған халықаралық тәжірибе. Атап айтқанда, Дубай, Сингапур, Шаннон, Эр-Рияд және басқа да әуе айлақтарында аталған экономикалық аймақтар нәтижелі жұмыс істеп жатыр.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпараты бойынша Қазақстанның 12 өңіріндеарнайы экономикалық аймақтар бар.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика