165 rob
Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары төрт учаскеде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ құтқарушылары төрт адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 13 адамның, оның ішінде бір баланың денесі үйінді астынан шығарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Газиантеп қаласы бірінші эшелонның жұмыс жүргізу ауданы болып белгіленді. Мұнда жұмыстар тәулік бойы екі ауысымда үш учаскеде жүргізілуде.
Құтқарушылардың бірінші тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған, кинологиялық есептоптар барлау және үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, 4 қаза тапқан әйелдің денесі шығарылды. Жұмыстар Түркия құтқарушыларымен бірлесіп жүргізілуде. Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері запдап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуде.
Құтқарушылардың екінші тобы алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат ішінара қираған, апатты, қирау динамикасы байқалады, тұрақсыз құрылымдарға байланысты ғимараттардың толық қирау қаупі бар. Кинологиялық есептоптар барлау және үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізуде, қайтыс болған 5 әйелдің денесі шығарылды. Жұмыстар Түркия құтқарушыларымен бірлесіп жүргізілуде.
Үшінші топ та алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Барлау және үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде, қайтыс болған әйелдің денесі шығарылды.
Құтқарушылардың төртінші тобы Газиантеп қаласынан 69 шақырым жерде орналасқан Нурдагы елді мекеніндегі жеті қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Кинологиялық есептоптар барлау және үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Хатай елді мекеніне құтқарушылар тобы және кинологиялық есептоптар жіберілді. Іздеу объектісі — толығымен қираған алты қабатты үй, үйіндінің көлемі 18 мың м3 асады.
Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түседі. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта осы объектіде үйіндінің астынан қайтыс болған үш адамның денесі шығарылды, оның бірі – Қазақстан азаматы, екеуі – Түркия азаматы.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғастырылуда.
Источник: qazaq.asia