147 rob
Фотосурет: ҚР СІМ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин және Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Сұхбаттар барысында 2023 жылы екіжақты ынтымақтастықтың қорытындылары, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы диалог пен өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективалары талқыланды, сондай-ақ 2024 жылға арналған алдағы іс-шаралар кестесі қаралды.
Источник: qazaq.asia