Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан қатары тағыда толыға түсті

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан қатары   тағыда толыға түсті

378 rob

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінде жас сарбаздар салтанатты түрде әскери ант қабылдады.

Отанды қорғау – ұлы міндет. Еліміздің әр өңірінен жиналған 180-нен астам жас сарбаз Ақтау қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінде Отанға адал болуға ант қабылдады. Аз уақытта әскери тәртіпке үйреніп қалған олар Отан алдындағы борышын адал орындауға дайын екендіктерін көрсете білді.

–      Бүгін біз үшін өте қуанышты күн. Әскери бөлім бізге ұнады, барлық жағдай жасалған, келген күннен бастап командирлер мен сержанттар әскери өмірдің қыр сырын үйретіп, көмек көрсетуде. Отанға деген борышымды адал атқаруға барымды саламын, – деді қатардағы жауынгер Нұрлан Өмірзақов.

Жүректері лүпіл қаққан ата-ана, сап түзеген сарбаздар. Баласы ант қабылдап жатқан сәтін көрген ата-аналардың жүзінен қуаныш сезімін бірден байқауға болады. Бұл әскери ант қабылдау сәтінің көрнісі.

– Бүгін біз баламыздың қуанышын көруге арнайы келдік. Қарап тұрсам, баламның жағдайы жақсы екен. Кеше ғана ауылдан шығарып салған бозбала еді. Бүгін сапта сымдай тартылып, есейіп қалғандай. Командирлерінің қамқорлығына алғыс айтамын. Отан үшін берген уәдесін орындап, елге абыроймен оралады деп сенемін, – деді сарбаздың анасы Динара Әлімқызы.

Шара соңында жас сарбаздар қысқа уақыт ішінде өздері меңгерген қоян- қолтық ұрыстан, қарумен және қарусыз жауынгерлік ұрыс тәсілдерін көрсетті.

Ант қабылдау рәсімінен кейін бөлім басшылығы әскери бөлімнің клубында жас сарбаздардың ата-аналарымен кездесіп, сарбаздарға берілетін жуынатын заттарын, ас мәзірін, қысқы және жазғы киім үлгілерін көрсетіп, әскери бөлімнің атқаратын міндеттері туралы айтып жеткізіп, ата-аналардың қойған көптеген сұрақтарына жауап берді.

Капитан, Ертуған Әубакир

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика