Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етуді аяқтады Кеше, 15:19

Қазақстан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалық етуді аяқтады
Кеше, 15:19

Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогындағы төрағалығы аяқталды.Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астанада БҰҰ-ның қолдауымен ұйымдастырылған

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогындағы төрағалығы аяқталды.Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астанада БҰҰ-ның қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық конференцияны қорытындылай келе, форумның 2023 жылғы жемісті жұмысын атап өтті.

Осы жылдың қорытынды конференциясы «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл: тиімді және орнықты бірлескен шешімдер іздеу» тақырыбына арналды.

«Қазақстан адам құқықтары, әйелдер құқығы, гендерлік теңдік және басқа да көптеген халықаралық конвенцияларды ратификациялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді.Біз өтініш беру тәртібінен анықтау тәртібіне көштік. Бүгінде заң шығарушы ретінде жұмысты тереңдете түстік. Депутаттар осы саладағы заңнамалық түзетулердің жаңа пакетін әзірлеуге кірісті. Ең әуелі біз тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеуді жоспарлап отырмыз», – деді Мәжіліс спикері.

Е.Қошанов бұл мәселеде идеологиялық жұмысты дұрыс жүргізу қажеттігін де атап өтті.

«Отбасындағы ерлердің толық үстемдігі туралы бұрмаланған идея өткеннің еншісінде қалуы керек.Мектеп қабырғасынан бастап жас ұрпақтың санасына дұрыс құндылықтарды сіңіру қажет.Халық арасында құқықтық мәдениет қалыптастырып, тұрмыстық вандализмнің кез келген түріне төзбеушілік танытқан жөн. Мемлекет басшысы айтқандай, әділдікті және заң үстемдігінқатаң ұстануға тиіспіз», –деді Е.Қошанов.

Вице-спикер Д.Еспаева биылғы конференцияның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» аясында өтіп жатқанын, бұл Орталық Азияда зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен азат аумақ құруға деген ұмтылысты көрсететінін айтты.

Өзбекстанның Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Т.Нарбаева гендерлік зорлық-зомбылықпен күрестегі Өзбекстанның тәжірибесімен бөлісті. Биыл ондаәкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы заңнама қайта қаралған.

Орталық Азиядағы гендерлік зорлық-зомбылықты заңнамалық деңгейде қылмыс деп таныған бірінші ел Қырғызстан болды. Бұл туралы Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасының орынбасары Ж.Исаева айтты.

Форум соңында делегаттар әйелдер диалогы конференциясына қатысушылардың «Өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл: тиімді және орнықты бірлескен шешімдер іздеу»атты мәлімдеме қабылдады. Диалог мүшелері өз мәлімдемесінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрін айыптайды және әйелдерді қорғау мен қолдаудың тиімді заңнамалық және құқықтық тетіктерін құруды қолдайды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика