Қазақстан мен Оңтүстік Корея еңбек көші қоны саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Оңтүстік Корея еңбек көші қоны саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

208 rob

Фотосурет: Үкіметінің Баспасөз қызметі

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тэ-ик Чжомен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы еңбек ету мақсатындағы көші-қон мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында вице-премьер Қазақстан еңбек мигранттарын қабылдаушы тарап екенін атап өтті. Қазір мемлекетімізде 14 елдің азаматтары жұмыс істеп жатыр. Елімізде арнайы рұқсат қағазы арқылы еңбек етуге білікті кадрлар тартылуда. Республикада олардың қызметін реттейтін тиісті заң қабылданды.

«Сондай-ақ біздің отандастарымыз да алыс-жақын шетелде жұмыс істеп жүр. Қазірде қазақстандықтар еңбек етіп жатқан бірқатар мемлекетпен, оның ішінде Корея Республикасымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтарымызды қорғауға мүдделіміз» Тамара Дүйсенова

Өз кезегінде Тэ-ик Чжо әлемнің 16 елінде Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесі (EPS) бойынша оқыту орталықтары жұмыс істейтінін атап өтті. Ондағы мамандар тіл, салалық дағдылар, заңнаманы үйретеді.

Сонымен қатар вице-премьер біліктілігі жоғары мамандарды даярлауда тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика