173 rob
Фотосурет: ҚР СІМ
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Жапония ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.
Алдағы бірлескен іс-шаралардың күн тәртібіне, оның ішінде «Орталық Азия + Жапония» диалогы аясындағы мәселелерге ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Источник: qazaq.asia