270 rob
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Иордания Хашимит Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрі Айман Әл-Сафадимен елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, бірлескен жұмысты әрі қарай нығайту бойынша ой-пікірлермен бөлісті.
Қазіргі уақытта Иордания – Қазақстанның Таяу Шығыс аймағындағы маңызды серіктерінің бірі. Қазақстан мен Иордания арасында Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның бірнеше отырысы өтті. Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтіп тұрады.
Екі елдің ұстанымдары әлемдегі көптеген халықаралық мәселелер бойынша бір-біріне сәйкес келеді. Халықаралық ұйымдардың аясында өзара қолдау көрсетіліп отырады.
Источник: qazaq.asia