Қазақстан мен Эфиопия: өзара түсіністік және ынтымақтастыққа ұмтылу

Қазақстан мен Эфиопия: өзара түсіністік және ынтымақтастыққа ұмтылу

137 rob

Фотосурет: Ж.Жұмабеков/ Мәжілістің Баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары Эфиопия Республикасы Парламенті Өкілдер Палатасының Адам ресурстары және технологиялар жөніндегі тұрақты комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстанмен достық тобының төрайымы Бетелхем Лакеу Сисаймен кездесті. Жиынға Жарқынбек Амантайұлы, Қазыбек Әлішев, Берік Бейсенғалиев және Қазақстанның Эфиопиядағы елшісі Барлыбай Садықов қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.   

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, ынтымақтастық топ жетекшісі Жарқынбек Амантайұлы Қазақстан Эфиопиямен қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән беретінін атап өтті. Екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасы осыдан 12 жыл бұрын басталды.

– Осы уақытта біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Ол бірінші кезекте, екі ел басшыларының еселі еңбегінің нәтижесі деп білемін. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Эфиопия Президенті Сахле Ворк Зевде ханыммен БҰҰ жүйесінде бірге қызмет еткен кезден жалғасын тапқан жеке таныстығы біздің елдеріміз арасындағы ең жоғары деңгейдегі тығыз екіжақты қатынастың жарқын көрсеткіші деп білемін. Алдағы уақытта біз көшбасшыларымыздың уағдаластықтарын Парламент деңгейінде жүзеге асырамыз деп сенемін, – еді Ж.Амантайұлы.

Бетелхем Лакеу Сисай бүгінде Қазақстан мен Эфиопия арасындағы   қарым-қатынастың өзектілігі артып келе жатқанын, екі елдің мүдделері ортақ екеніне тоқталды.

– Біз Қазақстанның көптеген салада белсенді жұмыс істеп жатқанын білеміз, мысалы климаттың өзгеруін айтуға болады. Оған Эфиопия тарапы да өз үлесін қосып жатыр. Екіжақты ынтымақтастықты дамытуда, әсіресе, сауда, экономика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, технология салаларында ортақ тәжірибе алмасуға мүдделіміз, – деді.

Тараптар парламенттік комитеттер және парламентаралық ұйымдар шеңберінде өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге келісті. Бұл заңнама саласында жан-жақты тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика