Қазақстан мен ЕҚЫҰ демократия және адам құқықтары саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен ЕҚЫҰ демократия және адам құқықтары саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

184 rob

Фотосурет: А.Байжұманов / Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі миссиясының басшысы Оуэн Мерфимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Нұрлан Бекназаров Қазақстан мен ЕҚЫҰ ынтымақтастығы демократиялық институттар мен адам құқықтарын нығайтуға ұмтылысы ортақ екенін айғақтайтынын атап өтті және Бюро жүргізіп жатқан жұмыс Қазақстанда да, халықаралық деңгейде де осы құндылықтарды ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

«Қазақстан көптеген жылдар бойы сайлау процестерін бақылау саласында ЕҚЫҰ-мен белсенді ынтымақтасып келеді. Біз Конституцияға түзетулер жөніндегі референдумды, Қазақстанда өткен мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлауды қадағалау туралы ДИАҚБ-ның есептерін назарға алдық. Сондай-ақ кері байланыс пен ашық диалогты құптаймыз, сондай-ақ барлық іс-әрекетіміздегі ашықтыққа баса назар аударамыз» Нұрлан Бекназаров

Оуэн Мерфи өз кезегінде демократияны дамыту және адам құқықтарын қорғау саласындағы еліміздің оң нәтижелерін атап өтті, сондай-ақ демократиялық қағидаттарды ілгерілету мен нығайту жөнінде бұдан былайғы ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика