Қазақстан Халықаралық жүк тасымалындағы өз позициясын нығайтуда

Қазақстан Халықаралық жүк тасымалындағы өз позициясын нығайтуда

204 rob

Фотосурет: Көлік министрлігі

Көлік министрлігі саладағы негізгі көрсеткіштер бойынша жылды қорытындылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Халықаралық жүк тасымалы бойынша оң өсім байқалады. Экспорттық/импорттық жүктердің жалпы көлемі 22 пайызға, атап айтқанда 7 млн тоннаға дейін ұлғайды. Транзиттік тасымалдар көлемі 44%-ға өсіп, 3,6 млн тоннаны құрады.

Жыл көлемінде министрлік қазақстандық операторлардың жүктерді халықаралық тасымалдау нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік беретін нормативтік құжаттарды қабылдаған болатын.

Нәтижесінде отандық тасымалдаушылардың халықаралық тасымалдардағы үлесі 5%-ға өсіп, 47 пайызға жетті. Жалпы парк 2 мың бірлікке ұлғайып, барлығы 9 мың автокөлік құралы болды.

Аталған шаралар қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға, сондай-ақ отандық тасымалдаушылардың табысын арттыруға мүмкіндік берді.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика