Қазақстан электромобильдер үшін инфрақұрылым дайындауда

Қазақстан электромобильдер үшін инфрақұрылым дайындауда

217 rob

Фотосурет: qazindustry.gov.kz және Ж. Жұмабекова / Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымда экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері туралы заң жобасы ұсынылады.

Заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді. Онда тұрғын үйлерді, бизнес орталықтарды, сауда-ойын-сауық орталықтарын, қонақ үйлерді, қоғамдық тамақтану орындарын және басқа да нысандарды салу кезінде, жол бойында, қоғамдық орындарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда электромобильдерді зарядтау құрылғылары үшін жекелеген орындарды белгілеу қарастырылған.

Сондай-ақ Мәжілістің қарауына адамдардың реадмиссиясы туралы Қазақстан-Эстония үкіметаралық келісімін ратификациялау туралы заң жобасы енгізіледі.

Алдағы жалпы отырыста Палата комитеттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты жаңа заң жобаларын да жұмысқа алады.

Сонымен қатар депутаттар Жекелеген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша су ресурстарының басқарылу тиімділігін талдау туралы Жоғары аудиторлық палатаның есебін тындайтын болады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика