209 rob
Фотосурет: А.Байжұманов / Сенаттың Баспасөз қызметі
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Заңда «Қазақэкспорт» АҚ базасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленетін арнайы құқықтық мәртебесі бар заңды тұлға ретінде Экспорттық-кредиттік агенттік құру көзделіп отыр. Заңға сәйкес Агенттік сыртқы сауда операциясы кезінде төлемеу қаупінен сақтандырып қорғауды, экспорттық мәмілелерді орындау аясында кепілдіктерді шетелдік контрагенттермен дауларды реттеу үшін ақпараттық-консультациялық қызметтерді және т.б. ұсынатын болады.
Заңмен Азаматтық және Бюджеттік кодекстерге, сондай-ақ 8 заңға тиісті түзетулер енгізу ұсынылып отыр.
Источник: qazaq.asia