Қазақстан экономиканы реформалауда: шикізат ресурстарына тәуелділікпен күрес

Қазақстан экономиканы реформалауда: шикізат ресурстарына тәуелділікпен күрес

132 Awrora

Фотосурет: Үкіметінің Баспасөз қызметі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында экономиканы одан әрі дамыту үшін Үкіметтің қандай шаралар қабылдап жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Үкімет басшысы еліміздің мол ресурстық базасы барын, осы орайда дәстүрлі түрде шикізат өндірумен және оны экспорттаумен айналысатынын атап өтті. Соңғы жылдары жағдай түбегейлі өзгеріп жатыр – жоғары деңгейде өңдеу салаларын дамытуға баса назар аударылуда.

«Соңғы 5 жылда өнеркәсіп құрылымында сапалы өзгерістер орын алды. Бүгінде өңдеу өнеркәсібі көлемі бойынша өндіруші саланы қуып жетіп, одан әрі өсіп келеді» Әлихан Смайылов 

Әлихан Смайылов Үкімет бұл бағытта бірқатар жаңа шара қабылдағанын айтты. Мәселен, ішкі өңдеушілерді нарықтан төмен бағада шикізатпен қамтамасыз ету тетігі іске қосылды. Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа өндірістер салықтан үш жылға дейін босатылады.

Оған қоса өңдеу сегментінде жаңа өндірістерді ұйымдастыру үшін салықтық жеңілдік беріледі. Бұл елімізде өндірілмейтін жабдықтардың импортына қатысты.

«Сонымен қатар біз жаңа жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Бұл үшін жеңілдікпен несие беруді қоса алғанда, 600 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты көзделген» Әлихан Смайылов 

Жыл қорытындысы бойынша шикізаттық емес секторларда 1,6 трлн теңгеге 300-ге жуық жаңа жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны шамамен 800 млрд теңге болатын 170 жоба көзделіп отыр.

«Мысалы, Саран индустриалды аймағында қуаты 1,1 млн тұрмыстық техника шығаруға жететін өндіріс іске қосылды. Қостанай облысында қуаты жылына 70 мың автомобиль болатын терең локализацияланған жаңа Kia автомобиль зауытының құрылысы басталды. Ақтөбе облысында мобильді бұрғылау қондырғыларының өндірісі іске қосылды» Әлихан Смайылов 

Оған қоса Жетісу облысында қыш тақтайшалар өндіретін зауыт жаңғыртылып, кеңейтілді, бұл олардың импортын азайтуға мүмкіндік береді.

«Келесі жылы жалпы құны 4,6 трлн теңгені құрайтын 400-ден астам жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, әртараптандыру процесі жеделдеп, біз экономиканың шикізатқа тәуелділігін жоспарлы түрде азайтамыз» Әлихан Смайылов

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика