Қазақстан еңбек жағдайлары зиянды қызметкерлер үшін заңнаманы өзгертеді

Қазақстан еңбек жағдайлары зиянды қызметкерлер үшін заңнаманы өзгертеді

272 rob

Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құжат қоғамдық бірлестіктер мен еңбек ету барысында зиянды жұмыс атқаратын адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Заң еңбек ету кезінде зиянды жұмыс атқаратын қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыруды, жалақының ең төменгі мөлшерін белгілеудің жаңа әдістемесін енгізуді және қызметкерлердің жұмысындағы міндетін орындау кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыру мониторингін қамтамасыз етуді көздейді.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы қоғамдық бірлестіктерде ұлттық заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін одан әрі жетілдіруге және жұмыс жағдайында зиянды істерді атқаратын адамдарды әлеуметтік қорғауға ықпал ететін болады.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Источник: qazaq.asia

Яндекс.Метрика